Дәстүрімізге айналған Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз құтты болсын! Күлімдеген шуақты көктеммен бірге қазақ даласына жер әлемді жайнатып, әнші құстарды сайратып, Наурыз тойын тойлатып Жаңа Жыл келеді. Ендеше, той құтты болсын! Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын!
Мерекеге орай "Зияткер" мектеп алды даярлық тобының «Қош келдің, әз Наурыз!» атты ертеңгілігі өтті.
Мақсаты: «Наурыз» мейрамы туралы түсінік беру арқылы қазақ халқының салт - дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу.: Наурыз мерекесінің қазақ даласындағы орны, наурыз мерекесі туралы түсінік беру, Наурыз мерекесін ұлттық салт - дәстүрімізбен, әдет-ғұрпымызбен байланыстыра насихаттап, ұрпақтардың өз ұлтына деген сүйіспеншілігін арттыру.
https://nurbesik-bb.testim.kz/kz/zhanaly-tar/87-merekege-oraj-ziyatker-mektep-aldy-dayarly-tobyny-osh-keldi-z-nauryz-atty-erte-giligi-tti.html#sigFreeIde12ffba223






