«Нұрбесік" бөбекжай балабақшасының перспективалық жоспарына сәйкес №2 педагогикалық кеңес :«Ойын арқылы баланың бойында танымдық, зияткерлік және әлеуметтік-эмоционалды дағдыларды дамыту» бойынша  "Балапан" кіші тобының тәрбиешісі М.Махамбетова   "Түстер әлемі" тақырыбында кіріктірілген  ұйымдастырылған іс әрекетін өткізді.2-педагогикалық кеңес аясында
"Балапан" кіші тобының тәрбиешісі Махамбетова Мадина Жақсылыққызы
"Түстер әлемі" тақырыбында кіріктірілген ұйымдастырылған іс-әрекет өткізді.
Іс-әрекет барысында балалар негізгі түстерді ажырату, салыстыру және күнделікті өмірде қолдану дағдыларын бекітті. Ойын арқылы оқыту, көрнекілік, зерттеу элементтері қолданылып, балалардың танымдық қызығушылығын арттыруға бағытталған тиімді әдіс-тәсілдер пайдаланылды.
Ұйымдастырылған іс-әрекет мақсатына жетіп, балалардың түстерді қабылдау, есте сақтау және сөздік қорының дамуына ықпал етті.

"Нұрбесік"бөбекжай балабақшасының "Зияткер"мектепалды тобының тәрбиешісі С.Аманжолова " Табиғат және біз" тақырыбында ашық ұйымдастырылған ойын іс -әрекетін өткізді.

Нұрбесік балабакшасы ҚМҚК


«Нұрбесік» бөбекжай балабақшасында ерекше білім беру қажеттілігі бар баламен №1 педагогикалық кеңеске М.Пәттеева «Жемістер» тақырыбында жеке түзету іс-әрекетін өткізді. Іс-әрекет барысында бала түрлі жемістердің атауын, түсін, пішінін ажыратып, сезіну арқылы танымдық қабілеттерін дамытты. Ойын, көрнекілік және сенсорлық әдістер арқылы бала белсенділік танытып, жаңа білімді қуана қабылдады. Мақсат - баланың тілін, ойлауын және танымдық әрекетін дамыту, қоршаған ортамен таныстыру