Қызылорда қаласы білім бөлімінің «Нұрбесік» балабақшасы МКҚК
жайлы мәлімет
«Нұрбесік» балабақшасы алғашқыда Қызылорда қаласының КБИ мөлтек ауданы Жаппасбай батыр көшесі нөмерсіз көшесінде 2006 жылы №197 қазақ орта мектебінің жанынан «Мектеп алды даярлық шағын орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны болып ашылған. Балабақшамыз 100 орынға арналған 4-топта бүлдіршіндер тәрбиеленуде.
2010 жылдың 13 сәуірдегі №191 бұйрығымен Қызылорда қалалық маслихаттың шешімімен «Нұрбесік» атауы берілді.
2012 жылдың 20- қыркүйегінде №4528 қаулысымен «Нұрбесік» балабақшасы болып өзгертілді.
2020 жылдың 24 ақпанынан бастап Қызылорда қаласы білім бөлімінің «Нұрбесік»балабақшасы коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнында 2019 жылғы балалар үшін инклюзивті ортаны қалыптастыру бойынша 2020-2022жылдарға арналған өңірлік жол картасы бойынша «Аутизм балаларды қолдау»кабинеті атап айтқанда «Түзету» кабинеті, «Сенсорлы»кабинеті, «Массаж»кабинеті, «Логопед»кабинеті, ЛФК кабинеттері ашылды БАЛАБАҚШАДА ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУДІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ Инклюзивті оқыту мүмкіндігі шектеулі балалардың тең құқығын анықтайды және ұжым іс-әрекетіне қатысуға, адамдармен қарым-қатынасына қажетті қабілеттілікті дамытуға мүмкіндік береді. Осы бағытты білім беру жүйесіне енгізу арқылы балаларды адамгершілікке, ізгілікке, тәрбиелейміз.Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018жылғы 29желтоқсандағы №721 бұйрығына 1-қосымша сөйлеу тілі жалпы дамымаған балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы бойынша жұмыс жүргізіледі. Балабақшамызда 9 ерекше білім беру қажеттілігі бар балалар тәрбиеленуде.Логопед,дефектолог , педагог-психолог, тьютор мамандар жұмыс жасайды. Жаңа заман баласы - ертеңгі еліміздің болашағы. Ерекше қажеттілігі бар балалардың ой – өрісін, зейінін, түйсік пен қабылдауын дамытамыз. Балаларды қоршаған ортаға бейімдеп, қалыпты балалармен біріктіруге әрекет етеміз. Ата-аналармен бірлесе отыра жұмыс жасаймыз. Әртүрлі әдістемелерді қолданып, жеке оқу қызметтері өткізіледі.
Балабақша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі №412 Бұйрыққа қосымша «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы »бойынша жұмыс жасайды.Бүлдішіндерді тәрбиелеу бағдарламаларының ең негізгі мақсаты- баланың өмірін қорғауды және денсаулығын нығайтуды және олардың әлеуметтенуін қамтамасыз ететін заттық-кеңістіктік дамытушы орта құру, мектепке дейінгі білім берудің сабақтастығы мен үздіксіздігі ұстанымдарын қамтамасыз ету, балалардың зияткерлік, әлеуметтік және тұлғалық дамуына бағытталған білім беру салаларын кіріктіру, инновациялық әдістер мен технологияларды қолдану, тәрбиелеу, дамыту және оқыту міндеттерінің бірлігін қамтамасыз ету, мектепке дейінгі ұйым, мектеп пен отбасының бірлескен ынтымақтастығы мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеуде ата-аналар қауымдастығының қажеттілігін қанағаттандыру. Балабақшада білікті білімді педагогтар жұмыс жасайды.Жоғары білімді педагог-19,арнаулы орта-1педагог, Жоғары санатты педагог-3, І-санатты педагог-5 педагог, педагог-сарапшы -3педагог, педагог-модератор санатынан 5педагог біліктілік санатынан өтті «Назарбаев Зияткерлік мектептері»Педагогикалық шеберлік орталығы әзірленген мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің біліктілік арттыру білім бағдарламасы бойынша 235сағаттық «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жаңартылған мазмұнын тиімді іске асыру тәсілдері» тақырыбында 5педагог, Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы тәрбиелеумен оқыту тиімділігін арттыру » бойынша 5педагог , Ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға арналған білім берудің жаңартылған мазмұнын іске асыру жағдайындағы инклюзивті білім беру тақырыбында біліктілік курстарынан өтті.
https://nurbesik-bb.testim.kz/kz/biz-turaly.html#sigFreeId912ae80f10






