«Жаңа жылдық мереке » Балабақшамыздың «Дарын» ересек тобы «Зияткер» мектепалды тобының бүлдіршіндері ұйымдастырған «Қуант бізді, таңырқат!» атты жаңа жылдық іс-шарасы ерекше көңіл күй сыйлады. Балалардың шат күлкісі, әсем билері, әсерлі тақпақтары мен ертегі кейіпкерлерінің қатысуы мерекені жарқын да ұмытылмас сәттерге толтырды. Әрбір бала өз өнерін көрсетіп, жаңа жылдық ғажайыпқа сенім сыйлады.