«Нұрбесік» бөбекжай балабақшасында барлық топтардың қатысуымен көңілді әрі мәнді «Алтын күз» жәрмеңкесі өтті! Мақсаты – балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, еңбекке баулу және табиғатты сүйе білуге тәрбиелеу. Жәрмеңке барысында балалар мен ата-аналар күздің молшылық мерекесін ерекше қуанышпен атап өтті. Көрмеде түрлі көкөніс пен жемістерден әсем безендірілген қолөнер бұйымдары мен сән үлгілері ұсынылды. Әр топ өз өнерін, еңбегін, тапқырлығын көрсетіп, мерекенің сәнін кіргізді.
Бұл шара – балдырғандардың табиғатқа сүйіспеншілігін арттырып, достық пен ынтымақты нығайтқан тамаша мереке болды!
View the embedded image gallery online at:
https://nurbesik-bb.testim.kz/kz/merekelik-is-sharalar/124-altyn-k-z-zh-rme-kesi.html#sigFreeIda2435dc03b
https://nurbesik-bb.testim.kz/kz/merekelik-is-sharalar/124-altyn-k-z-zh-rme-kesi.html#sigFreeIda2435dc03b






