2025 жылдың 18-маусым күні Облыстық тері - венерология диспансерінің маманы Гүлмира Жидебайқызы жұқпалы тері ауруларының алдын - алуды насихаттау мақсатында,Қызылорда қаласындағы "Нұрбесік" бөбекжай балабақшасының қызметкерлері арасында "Балалар арасындағы жұқпалы тері ауруларының алдын - алу!","Салауатты өмір салты","Жыныстық жолмен берілетін инфекциялар қалай жұғады,қалай қорғану керек" тақырыбында сауалнама және түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Іс - шара барысында,балалар арасында жұқпалы тері ауруларының алдын - алу туралы және салауатты өмір-салтын насихаттап, тері аурулары жөнінде слайд,бейнероликтер көрсетіліп, мағлұматтар беріліп,ақпараттық- танымдық материалдар таратылды.