“БАЛАБАҚША МЕН МЕКТЕП АРАСЫНДАҒЫ САБАҚТАСТЫҚ”
2025 жылдың 23 қыркүйек күні №197 Әбу Құдабаев атындағы орта мектеп пен "Нұрбесік" бөбекжай-балабақшасы арасында байланыс жүргізілді. 2025-2026 оқу жылы балабақшасынан - түлеп ұшқан шәкірттерімен тәрбиешілер кездесіп, шәкірттеріне жылы лебіздерін білдірді. Мектепалды тобының тәрбиешілерімен “Балабақша мен мектеп арасындағы сабақтастық” тақырыбында кездесу ұйымдастырылды.
Мақсаты: мектепке дейінгі білім беру мен бастауыш мектеп арасындағы байланысты қамтамасыз ету. Бала дамуының үздіксіздігін сақтап, оны мектеп өміріне жеңіл бейімделуге көмектесу.
Бұл сабақтастық балалардың мектеп өміріне тез бейімделіп, білім алуға деген қызығушылығын арттыруға ықпал етеді






