Бөбекжай-бақшамызда балалар мен ата-аналар арасындағы эмоциялық байланысты нығайту мақсатында “Мен және менің отбасым” тақырыбында тренинг өткізілді. Мақсаты: Ата-аналарды балаларды тәрбиелеудің позитивті әдістеріне үйрету; Ата-аналарды өздерінің балаларының жан-дүниесін түсінуге шақыру, Ата - аналар мен бала арасында жақындық қалыптастыру, қарым - қатынастың ерекшеліктерін психологиялық жаттығулар арқылы көрсету.
Өткізген: Балабақша әдіскері. Н. Рысбембетова