“Нұрбесік” бөбекжай балабақшасында “Аналар күні мен Халықаралық отбасы күніне” орай ұйымдастырылған іс-шаралар жоспарына сәйкес ата-аналардың қатысуымен “Анаға құрмет” атты челлендж ұйымдастырылды.
Челлендждің мақсаты - анаға деген сүйіспеншілік пен құрметті насихаттау, отбасы құндылықтарын дәріптеу, балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту және ата-аналармен ынтымақтастықты арттыру болды.
Аталған іс-шараға барлық топтардан бір ата-ана қатысып, ана тақырыбына арналған бейнероликтер жолдады.
Аналарға деген сүйіспеншілік пен алғыс сөздер әлеуметтік желі арқылы кеңінен насихатталып, ата-аналар мен балабақша арасындағы байланыс одан әрі нығая түсті.